“Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар” оқу бағдарламасы бойынша Республикалық пәндік олимпиада

16 сәуір күні Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 16 жоғарғы оқу орындары қатысты. Тұран Университетінің атынан РЭТ кафедрасының екінші курс студенті Қалман Мейіржан Нұржанұлы мен үшінші курс студенті Мағзат Нұрлыбек Тохтарұлы қатысты. Топ жетекшісі Нурпеисова Динара Абдижамиловна.

 

Олимпиада нәтижесінде “Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар” оқу бағдарламасының үшінші курс студенті Мағзат Нұрлыбек Тохтарұлы жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орын иегері атанды. Студенттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Online қабылдау