«Тұран» университетінде 2024-2025 оқу жылында академиялық ұтқырлыққа қатысу байқауы өтті
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Тұран» университетіне АҚШ және Еуропа елдерінде шетелде білім алу үшін гранттық қаржыландыруға алты орын бөлді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында университеттің шетелдік серіктестерімен келіссөздер жүргізіліп, «Тұран» университетінің студенттеріне оқу орындары туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Семестр бойы тегін білім алуға мүмкінлдік берген шетелдік серіктес университеттер: Lawrence technological university (АҚШ), Rzeszow University of Technology, Слупсктегі Померан университеті (Польша), Obuda University (Венгрия), Yschools (Франция), NamSeoul (Оңтүстік Корея), Liaoning University, Zhejiang University of Finance and Economics (Қытай).
Конкурстық іріктеуге мемлекеттік грантқа және өз қаражаты есебінен (Zero grant) шетелде білім алуға үміткер 30 студент қатысты.
2024 жылғы 15 сәуірде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығының «Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларының» 3-тармағына сәйкес білім алушыларды іріктеу критерийлері: студенттің орташа ұпайы (GPA) 3,0 және одан жоғары; кем дегенде В2 деңгейінде ағылшын немесе түрік тілін (Түркия университеттері үшін) білу, белгіленген мерзімде құжаттар пакетін тапсыру.
Комиссия Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша академиялық ұтқырлық шеңберінде келесі студенттерді шетелде оқуға ұсынды:
Төмендегі студенттер өз қаражаты есебінен шетелде оқуға ұсынылды: