«Еңбек заңнамасын бұзғандығы үшін жауаптылық» тақырыбындағы қонақ дәріс

2024 жылдың 24 сәуірінде «Тұран» Университетінің «Құқықтану және Халықаралық құқық» кафедрасының сениор-лекторы Абайқызы М.-ның ұйымдастыруымен ҚР Еңбек құқығы пәнінен «Еңбек заңнамасын бұзғандығы үшін жауаптылық» тақырыбындағы қонақ дәрісі өткізілді. Арнайы қонақ ретінде Абайұлы Нарұл – Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы, мемлекеттік еңбек инспекторы шақырылды.

 

Абайұлы Нарұлдың айтуынша, жұмысқа тек қана еңбек шартына қол қойылғаннан кейін кірісу керек. Егер де жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек шарты жасалмаса, ондай адамның еңбек құқы бұзылғаны туралы ешқандай мемлекеттік орган не болмаса сот растап, қорғап қала алмайды.

 

Студенттер көкейкесті сұрақтарға толығымен жауап ала алды.

Online қабылдау