“Ақпараттық жүйелер” және “Зияткерлік робототехника” ББ білім алушыларына арналған “Шабуыл қауіпсіздігі” қонақ дәрісі

22 сәуірде сағат 15.10-да 708 аудиториясында 6B06101 “Ақпараттық жүйелер” және 6B06103 “Интеллектуалды робототехника” білім беру бағдарламаларының студенттері үшін “Шабуыл қауіпсіздігі” тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

 

Студенттердің алдында техникалық ғылымдар магистрі, EPAM еуропалық компаниясының senior security testing engineer сөз сөйледі.

 

Ивахнов Олег – компьютерлік жүйелердің және желілердің қауіпсіздігі саласында үлкен тәжірибесі бар маман, оның пентест саласында іске асырылған 100-ден астам табысты жобалары бар. Дәрісте ол компьютерлік қауіпсіздік саласындағы тәжірибесімен бөлісті, пентестердің мамандығы туралы айтты, ақпараттық жүйелердегі қызықты осалдықтарды талдады және осы бағыттың артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтті. Сондай-ақ, Олег Ивахнов жұмыс іздеу барысында қандай дағдылар қажет екендігі туралы сөз қозғап, қауымдастықтардың, форумдар мен ақпараттық қауіпсіздік конференцияларының сілтемелерімен бөлісті.

 

Дәрісті ұйымдастырушы – Ким Екатерина Романовна, т.ғ. к., ассоц. “Тұран” Университетінің “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының профессоры.

Online қабылдау