IT-планета 2024 XV халықаралық олимпиадасында “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының студенттері

“Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының студенттері “IT-Планета 2024″Ақпараттық технологиялар саласындағы XV халықаралық олимпиадаға қатысты.

 

“IT-Планета 2024” Ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық олимпиада – бұл АКТ саласының талантты студенттері мен мамандарын анықтап, оларды қолдайтын тәжірибеге бағытталған жарыс.

 

Ол 1 қаңтардан 31 мамырға дейін өткізіледі және АКТ-ның әртүрлі бағыттарын қамтиды, мысалы: “Мобильді қосымшаларды әзірлеу”, “Қолданбалы бағдарламалау if…else”, “Ойын әзірлеу – GameDev”, “Веб-дизайн”, “Роббофабрика – D. I. Y. Робот”, “3D модельдеу + AI”, “Postgres Pro ДҚБЖ”, “Ақпараттық қауіпсіздік”, “Заманауи желілік технологиялар” және т. б.

 

“Ақпараттық технологиялар” кафедрасының студенттері Алимбекова Аяулым, Гаврилова Анастасия, Зейнеғабылов Асанәлі, Шлепнёв Богдан, Мухамед Ахмад, Персиянов Иван “Мобильді қосымшаларды әзірлеу” және “Postgres Pro ДҚБЖ” байқауларына қатысып, қатысушылардың сертификаттарын алды.

 

Бұл жолы олар финалға шықпаса да, мобильді қосымшаларды әзірлеуде және SQL сұрауларын жасауда практикалық тәжірибе жинады.

 

Тұранның Олимпиададағы өкілі т.ғ.к., “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ким Екатерина Романовна болды.

 

Барлық балаларға келесі жарыстарда мұнымен тоқтап қалмауды және жетістіктер мен сәттілік тілейміз!!!

Online қабылдау