«Есеп және аудит» БББ-ның студенттері РСПО жүлдегерлері

2024 жылдың 25 сәуірінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да РСПО-ның соңғы кезеңі өтті. «Есеп және аудит» ББ бойынша “Есеп жолбарыстары” командасы – Серік Аружан, Шункебаева Әсел, Амангелдиев Ислам (Серік Аяулым) қатысты. Конкурсқа университет туралы бейне ролик ұсынылды, кейс есептер шығарылып, қазылар алқасының сұрақтарына ауызша жауап берілді. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша олар ҚР 20 командасының арасында 3-ші орынды иеленді.

 

Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға шығармашылық және кәсіби табыстар тілейміз.

Online қабылдау