Польша Калиш Университетінің делегациясының Erasmus+ бағдарламасы бойынша сапары

2024 жылдың 22-25 сәуір аралығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша “Тұран” университетіне Калиш университетінің (Польша) делегациясы келді. Алматыға студенттермен жұмыс, білім беру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Dr Tatiana Manasterska мен халықаралық кеңсесінің басшысы Ewa Wasilewska келді. Калиш университеті Erasmus+ бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес «Тұран» университетінің серіктесі болып табылады. Қонақтар сапар барысында «Тұран» университетінің бірінші проректоры, профессор Тазабеков Қуаныш Амірқұловичпен кездесіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қонақтар «Тұран» университетінің ПОҚ және студенттерімен кездесу өткізді, оның барысында Калиш университетінің халықаралық қызметі таныстырылды. Сондай-ақ, поляк делегациясы Алматының бірқатар туристік көрікті жерлерін аралады.

Online қабылдау