XVI Республикалық Студенттік Пәндік Олимпиадасында «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері

2024 жылғы 25-26 сәуірде 6B06101 “Ақпараттық жүйелер” білім беру бағдарламасының студенттері Торайғыров университетінде (Павлодар қ.) өткен XVI Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

 

Республикалық пәндік олимпиада болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамытуды анықтау мақсатында Республикалық студенттік олимпиадалар шеңберінде барлық білім беру бағдарламалары бойынша жыл сайын өткізіледі және талантты студент жастарды қолдау факторларының бірі болып табылады, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуға команда қалыптастыру үшін қажет.

 

“Ақпараттық технологиялар” кафедрасының студенттері Жарықов Мәлік (ИС-212 (3) тобы), Кан Александр (ИС-212 (4) тобы) және Өмірбеков Қайнар (ИС-221 (3) тобы) “Ақпараттық жүйелер” ББ бойынша олимпиадаға қатысты.

 

Бұл жолы олар жүлделі орындарға ие болмаса да, алгоритмдік есептерді шешуде практикалық тәжірибе жинады.

 

Команда жетекшісі – “Ақпараттық технологиялар” кафедрасының сениор-лекторы Молдақалықова Баян Жоямергенқызы.

 

Барлық балаларға келесі жарыстарда мұнымен тоқтап қалмауды және жетістіктер мен сәттілік тілейміз!

Online қабылдау