Волгоград Университеті Тұран Универсетінің студенттерін академиялық ұтқырлыққа шақырады

Құрметті бакалавриат студенттері!

 

Ресей Федерациясының Волгоград мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Волгоград мемлекеттік университеті 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде студенттерді академиялық ұтқырлыққа шақырады.

 

Орындар саны шектеусіз. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту тегін жүргізіледі. Жатақханада тұру, билеттерді сатып алу және сақтандыруды студенттің өзі төлейді.

 

Жоспарланған ұтқырлық кезеңі: 2024 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 25 қаңтарға дейін.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

 

  • тәртіптік жазалары мен академиялық қарыздары жоқ бакалавриаттың 2 мен 4 курс аралығындағы студенттер.
  • GPA-2.7-ден төмен емес.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

 

  • өтініш (Қосымша 1);
  • өтініш (Қосымша 2);
  • төлқұжаттың көшірмесі;
  • транскрипт;
  • білім беру бағдарламасы басшысының ұсыныс хаттары.
  • марапаттар, сертификаттар, жарияланымдар және т. б.;

 

Құжаттар 2024 жылғы 25 маусымға дейінгі мерзімде халықаралық ынтымақтастық бөліміне тапсырылуы тиіс (каб. 707).

 

Толық ақпарат алу үшін ХЫБ маманы Кенжебаева Жадыраға (каб.707), электрондық пошта арқылы international@turan-edu.kz немесе +7 (727) 260 4023 (ішкі.1045) нөмірі арқылы жеке хабарласуыңызды сұраймыз.

Online қабылдау