«‎Тұран» университетінің түлегі Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды

2024 жылдың 1 шілдесінде Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Әлішер Сатыбалдиевтің қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.

 

Әлішер Сатыбалдиев 1990 жылы 19 ақпанда Алматыда дүниеге келген. «Тұран» университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлегі.

 

Еңбек жолын 2012 жылы Алматы қаласының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ бас маманы, кейін бөлім басшысы қызметінен бастады.

 

2016-2017 жылдары бизнес құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.

 

2017-2019 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

 

2019-2021 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болды. 2021 жылы «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, басқарма төрағасы аппаратының басшысы болып еңбек етті. 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Алматы индустриалды аймағы» ЖШС Бас директоры, Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.

 

«Тұран» университеті өз түлектерінің жетістіктерін мақтан етеді және Әлішер Сатыбалдиевке мансабында сәттілік тілейді!

Online қабылдау