Сәрсенбі, 25 қыргүйек 2024ж.
Сағ. 10:00
207 аудитория
“Тұран” университеті қазақстандық және шетелдік ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, ғылым мекемелерінің, бизнес-топтардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін Экономика және менеджмент жоғары мектебінің кафедрасының зерттеуші-профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Хаджиева Гүлжахан Усманқызының 60 жылдық мерейтойына және «Тұран» университетінде 25 жылдық ғылыми-педагогикалық қызметіне орайластырылған “Орта Азия елдерінің экономикалық, саяси және мәдени интеграциясын тереңдету жағдайындағы Орта Азия бірегейлігі” атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға шақырады”.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазіргі ғылыми дискурстағы Орта Азиялық бірегейлік құбылысын талқылау, Орта Азиядағы интеграциялық процестермен байланысты саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелердің өзекті шешімдерін іздеу.
Дөңгелек үстел жұмысында келесі негізгі бағыттарды талқылау көзделеді:
Дөңгелек үстелге қатысу шарттары.
Баяндамалар 2024 жылдың 24 қыркүйегіне дейін қабылданады. Дөңгелек үстелдің материалдары тек электронды түрде жарияланады, мақалалар жариялауға төлемсіз қабылданады. Баяндамалар көлемі-5-6 беттен аспайды.
Мақаланың форматына қойылатын талаптар
Баяндаманы электрондық нұсқада жіберу қажет. Мәтін Microsoft Word редакторы форматында терілуі керек; Times New Roman шрифті; жол аралығы – 1,0; кегль – 14; абзац шегінісі – 1,25 см; шеттері: сол – 3 см, оң – 1,0 см, жоғарғы және төменгі – 2 см.
Парақтыңсолжақжоғарғыбөлігінде ӘОК (УДК) жазылады.
Әрі қарай, парақтың жоғарғы оң жағында автордың тегі мен аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен атағы жазылады. Парақтың ортасында материалдың атауы бас әріптермен басылады, одан кейін – кілт сөздер (6-8 сөз). Одан кейін мақала мәтіні келеді. Мақалада ең көбі Word-та орындалған 2 кесте, 2 сурет (Word, топтастыру) рұқсат етіледі. Формулаларды тек формула редакторы (Microsoft Equation) қосымшасында теру қажет.
Мәтінде қолданылған әдебиеттерге сілтемелер төртбұрышты жақшада беріледі, әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Әдебиеттер тізімінен кейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша түйіндеме (4-6 сөйлем), түйінді сөздер (5-7 сөз), сондай – ақ мақаланың атауы үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын); ал ТМД елдерінен және алыс шетелдерден келген ғалымдар үшін орыс және ағылшын тілдерінде болуы тиіс.
Мақаланыңсоңында автортолық аты-жөнін,мекенжайын,телефонын(қызметтікжәне/немесеүй),электрондықпоштасын(e-mail)көрсетуінсұраймыз.
Мақалада қалың, көлбеу және асты сызылған қаріпті қолдануға жол берілмейді. Автоматты және мәжбүрлеп тасымалдауды, жолдарды, беттерді мәжбүрлеп үзу белгілерін пайдалануға жол берілмейді.
Баяндамалар мына көрсетілген e-mail-ге жіберілуі керек: 22231042@turan-edu.kz
Анықтама телефоны: 8(727) 260-40-17
Ұйымдастырушылар – PhD докторы Ералина Эльмира Маратқызы, Тел.: +7 727 260 40 26; СДҒжИ жөніндегі проректордың көмекшісі Джамалова Гаухар Галимжановна, Тел.: +7 727 260-40-17 ішкі.1211 e-mail: 22231042@turan-edu.kz
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
“Тұран”Университеті ” мекемесі
050013, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 16А
Конференция идентификаторы: 861 5970 1021
Кіру коды: 173184