Тауда қаза тапқандарға арналған ескерткіш
Алматы, Тұйықсу трактісі,
Кіші Алматы шатқалы
2024 ж. 5 қазанда альпинистер, тау туристері және таулы жерге саяхаттауды сүйетіндер «Тауда қаза тапқандарға» арналған ескерткіш алдына жиналды. Бұл ескерткіш 25 жыл бұрын Қазақстанның альпинистері жинаған қаражатқа жобаланып, салынған. Бір қызығы, осы торқалы жылы күн шуақты болды, бұл сирек кездесетін жағдай. Еске алу рәсімінің ресми бөлігін дәстүр бойынша альпинизмнен еңбек сіңірген спорт шебері – Юрий Моисеев ашты. 2018 ж. Қырғыз Алатауының тауларында қаза тапқан Тұран университетінің түлегі Виталий Дворецкийді еске алу үшін мемориалға Виталийдің нағашы апасы, әпкесі мен жиені, сондай-ақ оның ұстазы, Тұран университетінің профессоры – Владимир Николаевич Вуколов келді. Тауда қаза болғандарды еске алуға 200-ден астам адам жиналды.