Әлемнің аймақтарына арналған заманауи нұсқаулық!

Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің авторлық ұжымы қауымдастырылған профессор саяс.ғ.к. Самай Алина Диасовна мен сениор-лектор, әлеуметтік ғылымдар магистрі Рахматулина Диляра Миратовна «Аймақтану негіздері» оқу құралын шығарды.

 

Ұсынылған оқу құралы аумақтық тұтастықтың қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарының негіздері, мамандандырылған терминология және әлем аймақтарын зерттеуге арналған тәсілдер бойынша оқу материалдарын қамтиды. Әлемдік дамудың негізгі үрдістері ретінде жаһандану мен аймақтану теориялық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Оқу құралының мазмұны әлемнің қазіргі аймақтарында болып жатқан этносаяси, мәдени, діни және әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін ашады. Орталық Азия елдерінің интеграциялық процестеріне ерекше назар аударылады.

 

«Аймақтану негіздері” оқу құралы «Аймақтану», «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге арналған. Бұдан басқа, ұсынылған материал тарихи және саяси пәндердің студенттері мен оқытушыларына, өңірлік басқару, Халықаралық қатынастар саласының мамандарына және қазіргі заманғы өңіртану зерттеулерінің проблемаларына қызығушылық танытқандардың барлығына пайдалы болуы мүмкін.

Online қабылдау