2024 жылғы 9 желтоқсанда «Туран» университеті талапкерлерге, олардың ата-аналарына және қазіргі заманғы технологиялар әлеміне қызығушылық танытқан барлық адамдарға есігін айқара ашты. Кездесу «Технологиялар шекарасыз: болашаққа шақырамыз» деген шабыттандыратын ұранмен өтті, бұл IT-индустриясының қазіргі әлемдегі маңыздылығын ерекше атап көрсетті.
Жүргізуші қонақтарды жылы қарсы алып, «Туран» университетінің білім, инновация және амбициялар табысты болашақтың берік негізін қалайтынын атап өтті. Университеттің білім беру бағдарламалары дәстүрлі академиялық әдістер мен заманауи технологияларды үйлестіріп, түлектерді жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті етеді.
ІТ саласының танымал мамандарының сөздері қатысушылардың ерекше назарын аударды. Ақпараттық технологиялар саласында көпжылдық тәжірибесі бар Кұлатай Айболат Айболұлы IT индустриясындағы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер туралы өз ойымен бөлісті.
Кейін сөзді PhD докторы, «Компьютерлік инженерия» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Науменко Виталий Валерьевич алды. Ол университетте жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер мен практикалық жобалар туралы айтып, қатысушыларды академиялық және кәсіби жетістіктерге шабыттандырды.
Маркетинг департаментінің өкілдері «Ақпараттық жүйелер», «Зияткерлік робототехника», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Бағдарламалық инженерия», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» сияқты білім беру бағдарламаларына түсу мүмкіндіктері туралы айтты. Қатысушылар құжаттарды тапсыру, қабылдау емтихандары мен жұмысқа орналасу перспективалары туралы толық ақпарат алды.
Ашық есік күні IT саласындағы табысқа ұмтылатындарды біріктірген жарқын оқиға болды. Қатысушылар болашақ кәсібін таңдауға көмектесетін шабыт пен пайдалы білім алды.
«Туран» университеті барлық қонақтарға белсенді қатысқаны және білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді. Біз жаңа кездесулерді асыға күтеміз және әрбір қатысушының бізбен бірге кәсіби болашағына сенімді қадам жасайтынына сенеміз!
Болашаққа бірге!