2025 жылдың 29 қаңтары мен 31 қаңтарында «Ақпараттық технологиялар» (АТ) жоғары мектебі 6В06101 – Ақпараттық жүйелер және 6В06103 – Зияткерлік робототехника білім беру бағдарламалары бойынша дипломдық жобаларды алдын-ала қорғауды өткізді.
Жобаны алдын-ала қорғау дипломдық жобаны қорғауға шығудың міндетті кезеңі болып табылады және студенттердің қатысуымен жоғары мектептің ашық отырысында дипломдық жоба жетекшісінің қатысуымен өткізіледі.
Бітіруші курс студенттері өз жұмыстарының презентацияларын дайындады, онда шешілетін мәселенің өзектілігі айтылды, қолданыстағы шешімдерге әдеби шолу жасалып, зерттеу әдістемесі мен ақпараттық жүйелердің программалыққ жасақтамасын әзірлеуге қажетті технологиялар жиынтығы келтірілді.
Барлық студенттерге дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, оның мазмұны, әзірлемелерде қолданылатын технологиялар, әдеби дереккөздерді қалыптастыру және ресімдеу бойынша ұсыныстар берілді.