Қонақ дәрісі: “Туран” университеті Құқық жоғары мектебінде полиция өкілдерімен кездесу өтті

2025 жылғы 22 қаңтарда “Тұран” университетінің Құқық жоғары мектебінде полиция органдарынның қызметкерлері «Қоғамдық тәртіп, құқықтық сана және мансаптық мүмкіндіктер» мәселелеріне арналған студенттерге арналған қонақ дәрісі өтті. Кездесуде келген қонақтар: Алматы қаласы Алатау ауданының полиция өкілдері: Алатау ауданы ОМПС ЗТБ УПИ бастығы, полиция майоры Дарикулов Исатай Махамбетұлы “Қоғамдық тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығы”, “Қоғамдық тәртіп негіздері” және “Құқықтық сана – азаматтық борыш” тақырыптары бойынша ақпарат берді. Чакишева Маржан  Мейрамгазинқызы, Алатау ауданы полиция басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, “Батырлар жолы” тақырыбында сөз сөйледі. Әзімбаева Әлия Жақыпбекқызы, Алатау ауданы полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция майоры, “Алматы қаласы полиция департаментінің бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар” тақырыбымен бөлісті. Іс-шара барысында студенттер құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілік туралы пайдалы ақпарат алды, сондай-ақ полициядағы мансаптық мүмкіндіктер туралы білді. Дәріс студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етті және оларды қоғамға қызмет етуге шабыттандырды.

Online қабылдау