Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мағзұм Мырзағалиевті өзінің кеңесшісі етіп тағайындады.
Мағзұм Мирзағалиев 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Бұған дейін, яғни 2022 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған болатын.
Мағзұм Мирзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. “Тұран” университетінде «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша оқыды. АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.
«Тұран» университеті түлектерінің жетістіктерімен мақтана отырып, Мағзұм Маратұлына еңбек жолында табыс тілейді!