2025 жыл 4 наурызда «Туран» университеті мен Asia Pacific University of Technology and Innovation (APU) (Малайзия, Куала-Лумпур) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында Aзия Тынық мұхиты инновациялық университеті өкілдерімен білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастық, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ академиялық ұтқырлық пен студенттер алмасу мүмкіндіктері талқыланды.
Тараптар серіктестікті дамытудың стратегиялық аспектілері бойынша пікір алмасып, білім беру ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына, алмасу бастамаларына және бірлескен білім беру жобаларына ерекше назар аударылды.
«Туран» университеті әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайта отырып, халықаралық байланыстарын белсенді түрде дамытуда.