III кейс – қаржылық сауаттылық бойынша чемпионат «Финатлон»

«Туран» университетінің Қаржы және есеп жоғары мектебі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаментімен бірлесіп, Алматы қаласының колледж студенттері арасында өткен III кейс-чемпионат «Финатлонның» сәтті аяқталғанын хабарлайды!

 

Чемпионаттың финалдық кезеңі 2025 жылғы 25 сәуірде өтіп, өз қабілеттерін күрделі бизнес-кейстерді шешуде көрсеткен көптеген дарынды қатысушыларды біріктірді.
Чемпионаттың іріктеу кезеңіне қаланың әртүрлі колледждерінен 30-дан астам команда қатысып, олардың арасынан 12 команда екінші кезеңге өтті.
Қатысушылар қаржылық сауаттылықты білу, ойлау жылдамдығы, креативтілік, қаржылық алаяқтық белгілерін анықтау және нақты бизнес-кейстерге инновациялық шешімдер ұсыну дағдылары бойынша бақ сынасты.

 

 

Қазылар алқасының шешімімен келесі жүлделі орындар анықталды:

 

  • 1 орын – UIB көпсалалы колледжінің «Absolute» командасы;
  • 2 орын – Narxoz университетінің Экономикалық колледжінің «Қазына» командасы және «Туран» университетінің Колледжінің «Profit Prophets» командасы;
  • 3 орын – Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің «Бизнес Ledies» командасы, Narxoz университетінің Экономикалық колледжінің «N-Future» командасы және Алматы экономикалық колледжінің «Қаржылық элита» командасы.

 

Барлық қатысушылар сертификаттармен және серіктес компаниялардан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

«Финатлон» чемпионаты колледж студенттері арасында білім мен тәжірибе алмасудың тамаша алаңы ретінде өз беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

 

«Туран» университеті серіктестерге қолдау мен қатысу үшін алғыс білдіреді:

 

  • Бас серіктес және бірлескен ұйымдастырушы ретінде – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасын бірлесіп жүзеге асырғаны үшін;
  • Қаржы секторының серіктес компанияларына (АО «Қазақстан Халық Банкі», АО «СК Jusan Garant», АО «Отбасы банк», «KMF Демеу» корпоративтік қоры, Еуразиялық инвестициялық және қаржылық кеңесшілер қауымдастығы);
  • Қаржыгер және меценат Азамат Утенов кейс-чемпионатқа қатысушыларға қаржы туралы сыйға тартылған кітаптар кітапханасы үшін.
  • Колледждерге (Алматы мемлекеттік бизнес колледжі, UIB көпсалалы колледжі, Narxoz университетінің Экономикалық колледжі, Алматы қаржы-экономикалық колледжі, Каспий университетінің колледжі, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі, Алматы экономикалық колледжі, «Туран» университетінің колледжі).

 

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!

Online қабылдау