Құқық жоғары мектебінде профессор Скиба А.П.-ның қонақ дәрісі

2025 жылдың 29 сәуірінде «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде онлайн форматта «Экстремалды жағдайлар болмаған кездегі жазаны орындаудың құқықтық негізі ретінде Ресейдің стандартты қылмыстық-атқару заңнамасы» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Дәрісті заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Санкт-Петербург академиясының бас ғылыми қызметкері Скиба Андрей Петрович оқыды. Іс-шараның модераторы — заң ғылымдарының докторы, профессор, құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің профессоры Акимжанов Талғат Курманович болды. Лекция магистранттар, докторанттар және оқытушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Талқылау барысында қылмыстық-атқару жүйесінің тұрақты жұмыс істеуінің маңыздылығы және бейбіт кезеңдегі заңнама мәселелері қарастырылды.

Online қабылдау