«Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада жеңімпаздары

2024 жылғы 14–18 сәуір аралығында Turan Film Academy Жоғары мектебінің базасында Қазақстан Республикасының шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері арасында 6B02101 «Режиссура» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

 

Олимпиада болашақ кино және медиа саласының мамандары үшін кәсіби білімін, шығармашылық ойлау қабілетін және өзіндік көзқарасын көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, креативтілік пен кәсіби дамуға деген ұмтылысын көрсетті.

 

 

Олимпиада нәтижесінде келесі жеңімпаздар анықталды:

 

  • 1-орын – Коваценко Ульяна Андреевна, 3 курс, «Туран» университеті, Turan Film Academy Жоғары мектебі – 674 балл
  • 2-орын – Мырза Махамбет Айқынұлы, 2 курс, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – 658 балл
  • 2-орын – Салимова Альмира Ағыбаевна, 3 курс, «Туран» университеті, Turan Film Academy Жоғары мектебі – 636 балл
  • 3-орын – Баркова Анастасия Александровна, 2 курс, AlmaU университеті – 590 балл
  • 3-орын – Бекешев Қайсар Ерланұлы, 2 курс, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – 572 балл
  • 3-орын — Төлеген Ерсұлтан Болатұлы, 2 курс, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы – 552 балл

 

Олимпиада қатысушылары мен ұйымдастырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Әрқайсыңызға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби шыңдарды бағындыруын тілейміз.

Online қабылдау