Әзірбайжанның ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің туғанына 102 жыл толуына арналған «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы

«Тұран» университетінің халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры А.Т. Мeхамбедьярова «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумының жұмысына қатысты.

 

Форум Әзербайжан Республикасының Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау агенттігінің қолдауымен «Гызылбаш» жастар тәрбиесі қоғамдық бірлестігі, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігі, Дүниежүзілік Ахыска түріктері қауымдастығы (DATÜB), «Ипэкйолу» қоғамдық дипломатия қоры және Батыс Әзірбайжан қоғамдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

 

Форумға Алматыдағы Әзербайжан елшілігінің өкілі Анар Гусейнзаде, Түркияның Алматыдағы бас консулы Эврен Мүдеррисоглу, ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры, белгілі жазушы Олжас Сүлейменов (бейне хабарлама), Әзірбайжанның халық ақыны Сабир Рустамханлы, Әзірбайжанның Милли Меджилис мүшесi Нагиф Гамза, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Ерболат Әлиядинұлы, Әзірбайжан Баспасөз кеңесінің басқарма мүшесі, «Yeni Çağ» медиа тобының жетекшісі Агиль Алескер, ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы директорының орынбасары Салтанат Ашимова, «İpəkyolu» қоғамдық дипломатия ұйымының төрағасы Сейфулла Тюрксой, тарих философиясы докторы Игорь Крупко, Әзірбайжан мен Қазақстанның белгілі ғалымдары мен саяси қайраткерлері. Панельдік пікірталас барынында Түркі мемлекеттері ұйымының қызметі мен түркі республикалары арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

 

Халықаралық форумда «Тұран» университеті «SPEZIAL RECOGNITION AWARD» сыйлығымен марапатталды. «Тұран» университеті Әзірбайжанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Еске салсақ, 2025 жылғы 4-5 наурызда Бакуде «Қазақстан мен Әзірбайжанның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы дөңгелек үстелге, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Әзірбайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Э.Амбаруллаев, Әзербайжандағы Қазақстан Республикасы Елшісі А.Байель, Қазақстан және Әзірбайжан университеттерінің өкілдері қатысты.

 

Тұран университетін сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проректоры, қауымдастырылған профессор Г.Ж. Таяуова және Маркетинг және қабылдау кампания департаментінің директоры Нуртаева Д.К. таныстырды.

 

Тұран университеті, Әзірбайжан туризм және менеджмент университеті, Лянкяран мемлекеттік университеті және Сумгаит мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Online қабылдау