2025 жылғы 28 сәуірде «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде магистранттар мен докторанттарға арналған «Ресей мен Қазақстандағы бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуінің прогрессивті жүйелері: оларды дағдарыс күтіп тұр ма?» атты тақырыбында онлайн қонақ лекция өтті. Іс-шара аясында баяндама жасаған:
Селиверстов Вячеслав Иванович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры. Лекция тыңдаушылар тарапынан зор қызығушылық тудырып, университеттің ғылыми-білім беру қызметі аясындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Талқылау барысында жазаларды орындау жүйелерінің қазіргі жай-күйі, пенитенциарлық саясатты реформалау мәселелері және Ресей мен Қазақстанның тәсілдеріне салыстырмалы талдау жүргізілді. Спикердің жоғары кәсібилігінің арқасында қатысушылар теория мен көпжылдық практикалық тәжірибеге негізделген терең білім алды.