2025 жылы 12-13 мамырда Үрімші қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университетінің жыл сайынғы конференциясы өтті және «Тұран» университеті осы ұйымның жаңа мүшесі ретінде ресми шақырылды. Бұл ұйымға мүшелікке Сычуань педагогикалық университетінің ұсынысы мен кеңесі негіз болды. «Тұран» университеті үшін бұл халықаралық білім беру қауымдастығына енудің маңызды қадамы және халықаралық ынтымақтастық, академиялық алмасу және ғылыми зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кеңістік боп табылады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) толыққанды мүшесі бола отырып, «Туран» университеті ШЫҰ елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру және ғылыми жобаларға белсенді қатысу, сондай-ақ, халықаралық ғылым және білім беру қызметін нығайту мүмкіндіктеріне ие болады.
Конференцияда «Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ғылыми-инновациялық экожүйесі, өнеркәсіптік кәсіпорындармен ғылыми ынтымақтастық (Туран университетінің тәжірибесі)» тақырыбындағы баяндамамен сөз сөйлеген – стратегиялық даму, инновациялар және ғылым жөніндегі проректор – Разакова Д.И. «Тұран» университетінің үлгісінде Қазақстан жоғары оқу орындарының экожүйесі туралы айтып, университеттің білім беру бағдарламалары мен ғылыми жетістіктерін атап өтті, оның интернационалуға және оқу процесіне заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысын айқын көрсетті.
«Туран» университеті Сычуань педагогикалық университетіне оқу орнының ірі халықаралық білім беру желісінің бір бөлігі болуға мүмкіндік берген қолдауы мен ұсынысы үшін үлкен алғыс білдіреді. Бұл «Туран» университетінің білім беру және ғылыми стандарттарының жоғары деңгейінің, сондай-ақ халықаралық ғылым және білім беру ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесінің маңызды мойындалуы болып табылады.