2025 ж. 10 маусымда Португалияның Астанадағы Миссиясының басшысы Жозе де Каштро Атаиде Амарал (José de Castro Ataíde Amaral) мырза “Тұран” университетіне барып, Португалия, Камоэнс және португал қауымдастығының күніне арналған кездесуге қатысты. “Тұран” университетіндегі Португалия күніне арналған іс-шара Португалияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының ашылуына орай ұйымдастырылды. Кездесуді Алматыдағы дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, оқытушылар, зерттеушілер және студенттердің қатысуымен, Португалияның ұлттық күніне арналған іс-шара ретінде Аймақтық зерттеулер орталығының директоры, профессор Камалов Аблет Каюмович құттықтау сөзбен ашты. Португалия күнімен құттықтау сөзін Португалияның Астанадағы Миссиясының басшысы мырза Жозе де Каштро Атаиде Амарал сөйледі. Ол Португалияның ұлттық мерекесі туралы айтып, Португалия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға тоқталды. Кездесуге қатысушыларды Португалияның ұлттық күнімен “Тұран” университеті Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры, профессор А.Т. Мухамбедьярова да құттықтады.
Кездесудің негізгі оқиғасы Лиссабон университетінің профессоры, доктор Антонио Эдуардо Мендонцаның «Португалия-2025: әлеуметтік портрет» тақырыбындағы дәрісі болды. Өз баяндамасында профессор екі елдің даму параметрлеріне сипаттама беріп, Португалиядағы демография және көші-қон үдерістерінің ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Ол қазіргі таңда Португалияда шамамен 1 мың қазақстандық және 2 мың өзбекстандық тұрып жатқанын атап өтті.
Профессор Антонио Эдуардо Мендонца – Тұран университетінің ұзақ уақыт бірге жұмыс істеген серіктесі. Ол 2010–2013 жылдары Тұран университетінде өткен «Орталық Азияның жаңа әлеуметтік тарихы: тарихты «төменнен» жазу» атты халықаралық жобаның шақырылған профессоры ретінде қатысқан, 2023 ж. қазанда өткен «Еуразиядағы көші-қонның болашағы» атты халықаралық конференцияның бірлескен ұйымдастырушысы, 2024 жылғы маусымда Орталық Еуразияны зерттеу қоғамының (CESS) жыл сайынғы конференциясына қатысқан және жақында ғана “Тұран” университетінің Аймақтық зерттеулер орталығы негізінде өткен «Мәдениеттер тоғысында: Орталық Азия мен Кавказ еврейлері» атты III Халықаралық конференцияға қатысқан. Профессор Антонио Эдуардо Мендонцаның дәрісі қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және олар Қазақстан мен Португалия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын белсенді түрде талқылады. Кездесуге Польша Республикасының Алматыдағы консулы Дариуш Шевчик мырза, AlmaU университетінің профессоры Альберто Фриджеро, Қазақ-Неміс университетінің профессоры Р.Р. Бурнашев, “Тұран” университетінің қауымдастырылған профессоры Б.А. Есеркемисова, сондай-ақ “Тұран” университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығының студенттері мен магистранттары қатысты.