«Тұран» университетінің 4-курс студенті Назигүл Жұмағұлова Астана қаласында 2025 жылдың 30 мамырында өткен республикалық «ЕАЭО ҮЗДІК СТУДЕНТІ» байқауында «ЕАЭС-ның үздік студенті» атағын жеңіп алды. Бұл оқиға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «БІЛІМ ӨРКЕНИЕТІ, Жаңа Қазақстан» бағдарламалық мақаласында көрсетілген ұлттық құндылықтарды жастар арасында насихаттау мақсатына толық сай келеді.
«Amanat» партиясының «Jastar ruhy» жастар ұйымының төрайымы Назигүл жастар арасындағы белсенділігімен, білімге деген құштарлығымен және жарқын болашаққа деген сенімімен ерекшеленеді. Ол көптеген байқаулар мен олимпиадаларда топ жарып, Қазақстан Республикасының 100 үздік студенті қатарына енген.
«ЕАЭС ҮЗДІК СТУДЕНТІ» байқауындағы ерекше жетістіктері үшін Назигүл «ЕАЭС үздік студенті» төсбелгісімен, төсбелгі куәлігімен, республикалық І дәрежелі дипломмен және арнайы статуэткамен марапатталды. Оның табандылығы, ізденімпаздығы және білімге деген ұмтылысы — қатарластарына жарқын үлгі. Бұл марапат – оның маңдай терінің, тынымсыз еңбегінің және асқақ мақсатқа деген сенімінің жемісі.
Назигүлдің бұл жетістігі – жастардың білімге деген ынтасы мен ел болашағына қосар үлесінің көрінісі. Мұндай жетістіктер еліміздің ғылымы мен біліміне жаңа серпін беріп, Қазақстанның жарқын болашағына жол ашады. Бұл жеңіс «Тұран» университетінің ғана емес, сонымен қатар болашақтағы жаңа табыстардың нышаны. Жаңа буынның білім мен ізденіске деген ұмтылысы – ел болашағының кепілі.