«Тұран» университетінің «Үздік ғалымы – 2025» байқауының жеңімпаздары
ㅤ
28 тамыз күні «Тұран» университетінде «Үздік ғалым – 2025» байқауының қорытындысы бойынша үздік ғалымдар марапатталды.
ㅤ
ㅤ
Байқау нәтижесінде келесі ғалымдар жүлделі орындарға ие болды:
ㅤ
І дәрежелі диплом – экономика ғылымдарының докторы, «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің профессоры Байтенова Лаура Маратовна;
ІІ дәрежелі диплом – PhD докторы, «Психология» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессор-зерттеушісі Тұрғымбаева Айжан Маратовна;
ІІІ дәрежелі диплом – PhD докторы, «Халықаралық қатынастар және дипломатия» жоғары мектебінің профессор-зерттеушісі Нұров Мархаббат Мешітбекұлы.
ㅤ
Барлық қатысушыларды байқаудың аяқталуымен құттықтаймыз! Жеңімпаздарға ғылыми әрі кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз.