Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің студенттері мен оқытушылары «Тау Тұран» демалыс базасында Туризм күнін атап өтті

27 қыркүйекте Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің студенттері, магистранттары және оқытушылары Дүниежүзілік туризм күнін ООК «Тау Тұран» демалыс базасында атап өтті. Дәстүрлі түрде бірінші курс студенттеріне арналған бұл іс-шараның мақсаты – командалық рухты дамыту, жаңа студенттерді университет өміріне бейімдеу және болашақ туризм мамандарының кәсіби құндылықтарын қалыптастыру.

 

Бағдарламаға тимбилдинг және командалық ойындар, оқу барысында меңгерілген дағдыларды көрсетуге мүмкіндік берген спорттық кезеңдер, қызықты тақырыптық викторина және достық шай үстелі кірді.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің оқытушылары болды: Мусаев Мухамедали Ахметжанович, Эргешов Александр Алишерович, Демеуова Бақытгүл Маратовна, Бекахмет Гүлжан Бауыржанқызы, Алимов Мансур Зунумович, Исмағұл Меруерт Исмағұлқызы және Нургожаев Азамат Серикович. Іс-шараның дайындалуына белсенді қатысқан студенттер мен магистранттар: Санауаров Темірлан (магистрант, 2 курс), Мохаммад Мари (МІмМб, 4 курс), Заманбек Аяна («Туризм», 3 курс), Низаметдинова Нигара (ТжҚИМ, 3 курс), Белоусов Александр, Габбасова Томирис («Туризм», 4 курс), Калинина Виктория, Сайлауханова Сабина және Илахунова Гузяль («Туризм», 2 курс). Олардың еңбегі арқасында мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі қызықты болып өтті, командалық кезеңдер мен спорттық тапсырмалар ұйымдастырылды.

 

Туризм күнін табиғат аясында өткізу барлық қатысушылар үшін жарқын оқиға болды, ұжымды біріктіріп, туризмнің өмір салты және кәсіби таңдау ретіндегі маңызын айқындады.

Online қабылдау