“Тұран” кітапханасы: мазмұнды қыркүйектің қорытындылары

8–12 қыркүйек аралығында “Тұран” колледжіміздің бірінші курс студенттері үшін таныстыру экскурсиялары ұйымдастырылды. Білім алушылар электрондық кітапхананың мүмкіндіктерімен танысып, оқу залын пайдалану тәртібі мен әдебиеттерді алу жолдарын білді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы құрылғылармен танысып, кітап көрмелерін тамашалады. Экскурсия соңында өткен интерактивті ойында белсенділік танытқан жеңімпаздар марапатталды.

 

10 қыркүйекте кітапханада көптеген шығармашылық атақтарға ие,  белгілі фотограф  Валерий Коренчукпен кездесу өтті. Қонақпен әңгіме барысында оның кәсіби тәжірибесі мен өнерге деген көзқарасы сөз болды.

 

15–16 қыркүйек күндері “Turan Digital Library: жүйенің функционалы және ресурстармен жұмыс” атты вебинар өткізілді. Университет қызметкерлері мен студенттеріне жаңартылған электрондық кітапхана таныстырылып, жазылымдық электрондық ресурстар мен оқу үдерісін жеңілдететін пайдалы құралдар көрсетілді.

 

18 қыркүйекте EDP HUB оқу әдебиеттерінің авторларына арналған арнайы вебинар ұйымдастырды.

 

24 қыркүйекте көптен күткен “AlterEGO” кітап клубының жаңа маусымы ашылды. Бұл жолы қатысушылар Харуки Муракамидің “Слепая ива и спящая женщина” әңгімесін және оның экранизациясын талқылап, пікір алмасты.

 

25 қыркүйек күні екі вебинар қатар өтті: “IPR SMART-пен жұмыс бойынша цифрлық сабақ” және “Юрайт-пен танысу: контент, сервистер, оқытушыларға арналған деректер”. Аталған шаралар оқытушылар мен студенттердің білім беру ресурстарын тиімді қолдануына бағытталды.

Online қабылдау