Құқық жоғары мектебінің студентін халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз

Құқық жоғары мектебі 4 курс студенті Уалханова Айдана Серікқалықызаны “Жаңа Қазақстан” Республикалық инновациялық орталығымен бірлесіп “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған “ЕАЭО елдерінің үздік студенті” Халықаралық байқауындағы жеңісімен құттықтайды. Бұл марапат оның адалдығының, қажырлы еңбегінің және жаңа білімге деген ұмтылысының нәтижесі болды. Сондай-ақ, ғылыми жетекшісі Төлебаева Әсем Серікболқызына жоғары кәсібилігі, студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Айданаға оқуда және ғылымда одан әрі табыс, ал Әсем Серікболқызына зор денсаулық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз.

Online қабылдау