ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ НИЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!
«Туран» университеті магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге (КТ) дайындық бойынша бейіндік пәндерден курстар ұйымдастырады!
Кешенді тестілеуге (КТ) дайындық курсы 2025 жылғы 28 қазан мен 14 қараша аралығында өтеді. Оқу таңдалған білім беру бағдарламасына сәйкес екі бейіндік пән бойынша жүргізіледі. Бағдарлама тәжірибелі оқытушылармен әзірленген және тыңдаушыларға білімдерін жүйелеуге, сондай-ақ емтихан алдындағы сенімділікті арттыруға көмектеседі. Тегін дайындықтан өтіп, КТ нәтижелеріңізді жақсартуға мүмкіндік жіберіп алмаңыз!
Оқу форматы: онлайн
Курстың ұзақтығы: 3 апта
Оқу ақысы: тегін
Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдері
Мекенжай: Алматы қ., Сәтбаев көш., 16А, 219-кеңсе
Байланыс нөмірлері: +7 777 794 9249, +7 775 729 2140
📅 Тіркеу 2025 жылғы 20 қазанға дейін ашық.
КТ-ға дайындық үшін бейіндік пәндердің жалпы тізімі:
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы. | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | ||
M028 | Режиссура | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M032 | Аудиовизуалды өнер және медиа өндірісі | Шығармашылық емтихан | Рефератты қорғау |
M064 | Халықаралық қатынастар | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты | Дипломатиялық және консулдық қызмет |
M066 | Психология | Жалпы психология | Даму психологиясы |
M067 | Журналистика және репортерлық іс. | Қазақ журналистикасының тарихы | Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі |
M070 | Экономика | Кәсіпорын экономикасы | Макроэкономика |
M072 | Менеджмент | Менеджмент | Бизнесті ұйымдастыру |
M073 | Аудит және салық салу | Бухгалтерлік есеп негіздері | Аудит |
M074 | Қаржы, банк ісі және сақтандыру | Қаржы негіздері | Корпоративтік қаржы |
M075 | Маркетинг және жарнама | Маркетинг | Маркетингтік зерттеулер |
M078 | Құқық | Мемлекет және құқық теориясы | Жағдаяттық кейс (ҚР Заңнамасының және/немесе халықаралық құқықтың нормаларын қолдану негізінде нақты тәжірибелік жағдайды кешенді құқықтық талдау) |
M094 | Ақпараттық технологиялар | Алгоритмдер мен деректер құрылымдары | Деректер базасы |
M147 | Туризм | Туризмология негіздері | Экскурсиятану |