Германиядан келген шетелдік профессор Роланд Гизе докторантурада сабақ өткізді

2025 жылдың 29 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында экономика ғылымдарының докторы, Циттау-Герлиц қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Роланд Гизе (Германия) PhD докторанттары үшін “Шетелдік басқару тәжірибесі” пәні бойынша сабақ өткізді.

 

Роланд Гизе – Құрметті профессор, “Тұран” университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 20 жыл бойы біздің докторанттарымыз үшін жыл сайын дәрістер өткізетін шетелдік шақырылған профессор. Циттау-Герлиц қолданбалы ғылымдар университеті мен “Тұран” университеті арасындағы көпжылдық ынтымақтастық білім алушылар мен ПОҚ-ның сыртқы академиялық ұтқырлығында көрінеді.

 

“Шетелдік басқару тәжірибесі” – профессор Р. Гизенің авторлық курсы. Сабақ барысында профессор Гизе Батыс компанияларындағы шетелдік стратегиялық басқару тәжірибесінің ерекшеліктерімен бөлісті. Сабақтар модульдік форматта өтті. 2025-2026 оқу жылында курсқа “Экономика”, “Менеджмент”, “Қаржы”, “Маркетинг” білім беру бағдарламаларының докторанттары қатысты.

Online қабылдау