Аймақтық зерттеулер орталығының қызметкерлері басылым белсенділігі үшін марапатталды

Тұран университетінің Халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебіндегі Аймақтық зерттеулер орталығы, Орталық Еуразия зерттеулері саласында белсенді түрде ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстар жүргізуде. Соңғы жылдары Орталық, Еуразиядағы миграция бойынша халықаралық конференцияны (2023), Орталық Еуразия зерттеулері қоғамының жыл сайынғы халықаралық конференциясын (2024) және Орталық Азия еврейлерінің тарихы мен мәдениеті бойынша конференциясын (2025) ұйымдастырды. Аймақтық зерттеулер орталығы халықаралық қатынастар, аймақтық зерттеулер, саясаттану, тарих, шығыстану, антропология және әлеуметтану саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұлттық және халықаралық жобаларды жүзеге асырады. Орталық қызметкерлері жарияланымдарда айтарлықтай табысқа жетті. Тұран университетінің Ғылыми кеңесінің соңғы отырысында Орталықтың жетекші қызметкерлері – тарих ғылымдарының докторы Камалов Аблет Қаюмович және философия ғылымдарының кандидаты Нұров Мархаббат Мешітбекұлы Scopus және Web of Science базаларында индекстелген журналдарға мақалалары үшін марапатталды. Аймақтық зерттеулер орталығын басқаратын профессор А.К.Камалов, Қазақстандағы және шетелдегі көптеген жетекші ғылыми журналдардың, соның ішінде беделді Central Asian Survey (Лондон, Ұлыбритания) журналының редакциялық алқасында қызмет етеді.

Online қабылдау