«Тұран» университеті Халықаралық Vision университетімен (Солтүстік Македония) қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім жасады

2025 жылғы 29 қазанда «Тұран» университетінде Солтүстік Македонияның Гостивар қаласындағы Халықаралық Vision университеті делегациясымен ресми кездесу өтіп, оның нәтижесінде қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

 

 

Делегация құрамында:

 

  • проф. д-р Ахмет Веджи Жан – ректор;
  • проф. д-р Фадыл Ходжа – негізін қалаушы ректор;
  • проф. д-р Абдюлмеджит Нуредин – оқу және академиялық жоспарлау жөніндегі проректор;
  • д-р Серкан Субашы – халықаралық үйлестіруші;
  • Ариф Чалқайыш – ғылыми зерттеулер және тұрақты даму жөніндегі үйлестіруші;
  • Реджеп Турсун – Кәсіби білім беру ассоциациясының директоры;
  • Осман Токер – OSTOM денсаулық сақтау және білім беру компаниясының директоры.

 

Бағдарлама «Құқық» мамандығы бойынша магистратураны және «Клиникалық психология» мамандығы бойынша PhD докторантурасын қамтиды. Ол студенттерге екі университетте білім алуға, пән кредиттерін (ECTS) өзара тануға, бірлескен ғылыми жетекшілікке және барлық академиялық талаптарды орындаған жағдайда халықаралық деңгейде танылатын екі диплом алуға мүмкіндік береді.

 

Кездесу барысында тараптар студенттер, оқытушылар және әкімшілік қызметкерлерімен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар, семинарлар, мастер-кластар және конференциялар ұйымдастыру, сондай-ақ халықаралық гранттық бастамаларға қатысу сияқты әрі қарайғы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

 

Бұл келісімге қол қою «Тұран» университетінің халықаралық серіктестіктерін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ол студенттердің академиялық ұтқырлық және кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейтіп, университеттің жаһандық білім беру кеңістігіндегі беделін арттыра түседі.

Online қабылдау