«Тұран» университетінің Медиа және мәдениетаралық коммуникациялар жоғары мектебінің студенттері ТМД елдерінен келген БАҚ өкілдері мен жас мамандарға арналған «ИнтерНовости» халықаралық бағдарламасына қатысты. Бағдарлама Россотрудничество ұйымының бастамасымен Мәскеуде өткізіліп, медиа, PR және халықаралық коммуникация саласындағы кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталды. Бағдарлама аясында дәрістер, шеберлік сабақтары, практикалық тапсырмалар және Ресейдің жетекші медиа алаңдарына экскурсиялар ұйымдастырылды.
4-курс студенті Кабдоллаева Наргиза «360.Мытищи» теларнасында тағылымдамадан өтіп, Telegram-арна үшін контент идеяларын әзірлеумен, жеке жобаларды жүзеге асырумен айналысты, жаңалық сюжеттерін дайындау барысын бақылады және редакциялық талқылауларға қатысты. Сонымен қатар, ол «Сарма 38» музыкалық тобымен қысқаметражды сұхбат түсіру жұмысына қатысып, түсірілім процесін ұйымдастыру мен командамен өзара әрекеттесудің практикалық дағдыларын меңгерді.
«Бұл тәжірибе маған нағыз редакциядағы жұмыс ырғағын көруге мүмкіндік берді, мұнда жылдамдық, нақтылық және командалық үйлесім өте маңызды. Бұл менің кәсіби қызығушылығымды одан әрі арттырған құнды тәжірибе болды», — деді Наргиза.
3-курс студенті Эвелина Царевская Ресейдің жетекші медиа алаңдарын, соның ішінде ТАСС пен RT арналарын аралап, әртүрлі аймақтар, соның ішінде араб және түрік аудиториясына арналған жаңалық контентін әзірлеу үдерісімен танысты. Сондай-ақ ол Ресей Мемлекеттік Думасы мен ЛДПР партиясында болып, қоғамдық-саяси саладағы медиа мен PR-дың рөлі туралы талқылауға қатысты.
«Мен медиасаланың ішкі жұмысын — ақпарат жинаудан бастап дайын материалдың жарық көруіне дейін — көре алдым. Бұл менің кәсіби көзқарасымды кеңейтіп, журналист пен PR-маманның аудитория алдындағы жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін көрсетті», — деп бөлісті Эвелина.
3-курс студенті Абдрахманова Азиза RuTube, Premier, VK және «ИМА-пресс» агенттігінің кеңселерінде болып, заманауи цифрлық құралдармен жұмыс, SMM және блогингтегі жасанды интеллектті қолдану ерекшеліктерін зерттеді.
«Мені ең көп шабыттандырған нәрсе — тәжірибелі мамандардан үйрену және жаңа технологиялардың медиа саласына әсерін өз көзіммен көру мүмкіндігі болды. Бұл тағылымдама менің кәсіби дамуымдағы үлкен қадам болды», — деді Азиза.
Бағдарлама Мәскеу қаласына экскурсиялармен, соның ішінде Жаңа Третьяков галереясына барумен аяқталды. Бұл студенттерге кәсіби білім мен мәдени тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік берді.
«ИнтерНовости» бағдарламасы студенттер үшін тек кәсіби дағдыларды арттыру емес, сондай-ақ жеке және кәсіби дамудың маңызды кезеңіне айналды.