«Туран» университетінің Құқық жоғары мектебінің студенттері ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында «Полицияда бір күн» жобасына қатысты

2025 жылғы 22 қазанда құқық қорғау органдарымен ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында «Полицияда бір күн» жобасын өткізді, оған бірнеше ЖОО, оның ішінде «Тұран» университетінің ҚЖМ «Құқықтану» мамандығының 3 курс бакалаврлары қатысты. Студенттер өте қызықты күн өткізді: полиция техникасымен танысты, офицерлермен әңгімелесті, экипировкасын сынап көрді, патрульдік көлікті басқарып отырды, курсанттар мен кинологтардың өнерін тамашалады. Тренингтер шеңберінде цифрлық алаяқтықтың нақты жағдайлары талданды, өзін-өзі қорғаудың базалық тәсілдерін меңгерді, сондай-ақ шұғыл жағдайларда мінез-құлық алгоритмдері мен қауіптерді азайту тәсілдерін зерделедік. Барлық қатысушылар қатысу сертификаттары мен естелік кәдесыйлар алды. Студенттер өткізілген іс-шараға жоғары баға беріп, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының басшылығына және «Тұран» университетінің профессорлары Г.Т.Алаеваға, Н.А.Алдабергеноваға осы қызықты іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтады.

Online қабылдау