Кәсібилік пен адалдықтың мойындалуы: Шидерина Гаухар Нұрланқызы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алғысына ие болды

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Шидерина Гаухар Нұрланқызын өз ісіне адалдығы, жоғары кәсібилігі, адал және мінсіз еңбегі, сондай-ақ қаланың жеке білім беру секторының дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.

 

Бұл марапат – ұстаздың көп жылдық еңбегіне деген зор құрметтің белгісі. Гаухар Нұрланқызы білім беруді дамытуға, жаңа мамандарды даярлауға және бизнес пен оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға бар күш-жігерін жұмсап келеді.

 

«Туран» университетінің ұжымы Гаухар Нұрланқызының жетістіктерімен шын жүректен мақтанады және осы жоғары марапатымен құттықтайды!

 

Шабытыңыз бен энергияңыз сарқылмасын, кәсібіңізге деген сүйіспеншілік жаңа жетістіктерге жетелей берсін!

Online қабылдау