2025 жылдың 5 қарашасында «Туран» университетінде «Үздік топ – 2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік топ – 2025» номинациясын Экономика факультетінің «Маркетинг және логистика» жоғары мектебінің 4 курс студенттері – Маркетинг 222(4) тобы иеленді.
Топ эдвайзері – «Маркетинг және логистика» Жоғарғы мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD Ашықбаева Әсем Мэлсқызы.
Салтанатты шарада университет ректоры, э.ғ.д., профессор Р.А. Алшанов жеңімпаздарды құттықтады. Сонымен қатар студенттер факультет декандары – б.ғ.к., профессор Ерубаева Г.К., э.ғ.д., профессор Байтенова Л.М., PhD, қауымдастырылған профессор Айнақұл Н.А. қатысқан мерекелік таңғы асқа шақырылды.