7 қараша күні Villa Dei Fiori мейрамханасында ерекше кеш – ректормен кешкі ас өтті. Бұл іс-шара университет студенттері үшін маңызды оқиғаға айналды. Кеш әр түрлі факультеттердің белсенді студенттерін біріктірді. Бір үстел басында студенттік кеңес, ұйымдар және бастамашыл топтардың өкілдері жиналды. Кездесу студенттерге университет басшылығымен еркін форматта пікір алмасуға, студенттік өмірдің өзекті мәселелерін талқылауға және ректордан құнды кеңестер алуға бірегей мүмкіндік берді.
Кеш жылы әрі достық атмосферада өтті. Ректор өзінің тәжірибесімен ашық бөлісіп, кәсіби және студенттік өмірінен қызықты оқиғаларды айтып, студенттердің өткір және күлкілі пікірлеріне әзілмен жауап берді. Әрбір қатысушының сұрағы мұқият тыңдалып, кейінгі шешімдер іздеуде назарға алынды.
Диалог мазмұнды және көпқырлы болды: студенттер әңгімені академиялық қиындықтар, бос уақытты ұйымдастыру, ғылыми және мәдени жобаларға қатысу мүмкіндіктерінен бастап, ректордан кеңес пен бағыт сұрауға дейін жалғастырды. Ректордың жауаптары ойлы, жігерлендіретін әрі жеңіл қабылданатын болды, бұл кездесуді шынайы және сенімді сұхбатқа айналдырды.
Кеш жылы әрі шабыттандыратын нотада аяқталды. Мұндай формат студенттерге өздерін университет қауымдастығының ажырамас бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Ректор жастардың бастамаларын қолдауға, өзекті мәселелерді ескеруге және олардың жүзеге асуына жағдай жасауға дайын екенін растады.