«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Құқықтану» және «Корпоративтік заңгер» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Меншік құқығы. Заттық құқықтар» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Заң ғылымдарының магистрі, «Құқықтық қорғау және заң қызметін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының төрағасы Олжас Төлегенұлы Әлімов сөз сөйледі.
Дәрістің модераторы Құқық жоғары мектебінің директоры, PhD доктор К.А. Джұмабаева болды, дәріс барысында студенттерге меншік құқығы мен заттық құқықтар институтының негізгі теориялық және практикалық аспектілері, оларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қолдану ерекшеліктері таныстырылды.
Спикер заттық құқықтардың түрлері, оларды қорғау тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ құқық қолдану практикасына қызығушылық танытқан студенттердің сұрақтарына жауап берді.