2025 жылғы 31 қазанда 508 аудиторияда «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне арналған “Мәліметтер қоры дамытушысынан биллинг-инженерге дейінгі жол” тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәріс қонағы – Kcell компаниясының биллинг-инженері Әлішер Қажымұханов. Кездесу барысында спикер телекоммуникация саласындағы мансаптық даму жолы, биллинг жүйелерінің архитектурасы, дерекқорлармен жұмыс ерекшеліктері және заманауи автоматтандыру технологиялары туралы бөлісті.
Дәрістен кейін студенттер қажетті дағдылар, Kcell компаниясында қолданылатын технологиялар, жаңа сервистерді интеграциялау кезіндегі қиындықтар, биллинг жүйесіндегі есептердің сенімділігі мен дәлдігі, бағдарламалау тілдері және аналитикалық құралдар жөнінде сұрақтар қойды.
Дәрісті ұйымдастырушы – т.ғ.к. Ким Екатерина Романовна, «Тұран» университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.