Қонақ дәрісі «Жоғары жүктемелі жүйелер: Java шешімдері» «Ақпараттық жүйелер» және «Зияткерлік робототехника» ББ білім алушылары үшін

2025 жылғы 31 қазанда 317 аудиторияда «Ақпараттық жүйелер» және «Зияткерлік робототехника» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттеріне арналған “Жоғары жүктемелі жүйелер: Java шешімдері” тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

 

Дәріс қонағы – Altel/Tele2 компаниясының бағдарламалық жасақтама әзірлеу бойынша аға сарапшысы Қайдар Олжас. Кездесу барысында спикер жоғары жүктемелі жүйелердің құрылу және масштабталу қағидаттары, микросервис архитектурасын қолдану және серверлік шешімдерді жобалау кезінде жиі кездесетін қателіктер туралы айтып берді.

 

Дәрістен кейін студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, жоғары жүктемелі жүйелерді әзірлеудің практикалық қырларына қызығушылық танытты. Олар Altel/Tele2 компаниясының жобаларынан нақты мысалдар, масштабталуды және жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған технологиялар мен құралдар туралы сұрады. Сонымен қатар, микросервис архитектурасының даму болашағы мен backend және телеком саласында жұмыс істегісі келетін жас мамандарға қажетті дағдылар да талқыланды.

 

Дәрісті ұйымдастырушы – т.ғ.к. Ким Екатерина Романовна, «Тұран» университетінің Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры.

Online қабылдау