Бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша интерактивті воркшоп

«Тұран» университетінде заманауи цифрлық технологияларды білім беру процесіне интеграциялауға бағытталған ынтымақтастық аясында 24 қарашада «ERP (Odoo) жүйесіне кіріспе. Қазіргі компаниялар бизнес-процестерді қалай автоматтандырады» тақырыбында арнайы интерактивті воркшоп өтті. Іс-шара онлайн форматта (Google Meet) ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар Odoo компаниясыЖоғары бизнес мектебі және «Тұран» университетінің Мансап және көшбасшылық орталығы болды.

Ісшараның спикері Татьяна Ким (Tatiana Kim), Education Program Consultant, Odoo атанды.

Қазіргі әлемде цифрлық трансформация қажеттілікке айналдыал тиімділік пен өсуге ұмтылатын компаниялар автоматтандыру жүйелерін белсенді түрде енгізуде.

Воркшоп қатысушылары келесі мәселелермен танысты:

  • ERP-жүйелеріне кіріспе: Кәсіпорын ресурстарын басқарудың интеграцияланған жүйелері барлық бизнес-процестерді бірыңғай цифрлық кеңістікте қалай біріктіруге көмектеседі.
  • Odoo-мен танысу: Компания жұмысының негізгі бағыттарын қамтитын бизнес-қосымшалардың интеграцияланған жиынтығы.

Компаниялардың Odoo жүйесін автоматтандыру үшін қалай қолданатынын көрсететін практикалық кейстерге ерекше назар аударылды:

  • Сату.
  • Қаржы.
  • Операциялық қызмет.

Воркшоп бизнеске арналған цифрлық шешімдерге қызығушылық танытқан студенттердің назарын аударды. Іс-шараның қорытынды бөлігінде Odoo компаниясымен болашақ бірлескен шеберлік сабақтары мен практикалық жобалар жоспарлары талқыланды, бұл «Тұран» университетінің студенттері үшін IT және бизнес-аналитика саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Тұран» университетінің Әкімшілігі Odoo компаниясына және жеке Татьяна Кимге жоғары кәсібилігі мен біздің қоғамдастықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға қосқан құнды үлесі үшін алғысын білдіреді.

Online қабылдау