Экономика және менеджмент жоғары мектебінде жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу мәселелеріне арналған әдістемелік семинар өтті

Экономика және менеджмент жоғары мектебінде «Жоғары білім берудегі әдістемелік тәсілдер мен инновациялық практикалар: жасанды интеллектті оқу үдерісіне интеграциялау» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде жасанды интеллект құралдарын пайдалануға байланысты мүмкіндіктер мен өзекті мәселелерді талқылау болды.

 

Семинар барысында жоғары білім беруде жасанды интеллектті қолданудың қазіргі үрдістері, оның оқытуды қолдау және білім беру үдерісінің жекелеген элементтерін автоматтандырудағы әлеуеті, сондай-ақ оқу әрекетінің формалдану қаупі мен білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауды қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Академиялық адалдық қағидаттарына және генеративті жасанды интеллектті пайдалануды анықтауға арналған қолданыстағы құралдардың шектеулілігіне ерекше назар аударылды.

 

Іс-шара аясында экономикалық және басқарушылық бағыттағы пәндерді оқытуда жасанды интеллектті интеграциялаудың әртүрлі тәсілдерін көрсететін пәндік-әдістемелік кейстер ұсынылды. Аталған кейстерде ағымдағы және қорытынды бақылау формалары, сондай-ақ студенттердің оқу тапсырмаларын орындау кезінде жасанды интеллектті қолданудың рұқсат етілген және рұқсат етілмейтін түрлерін айқындау тәжірибелері талқыланды.

 

Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік кейс-мақалалар жинағы, сондай-ақ оқу үдерісінде жасанды интеллект құралдарын пайдалануды реттеуге арналған ұсынымдар дайындалатын болады.

Online қабылдау