SCOPUS-тағы мақалаларыңызбен құттықтаймыз!

«Тұран» университетінің халықаралық қатынастар және дипломатия Жоғары мектебінің қауымдастырылған зерттеуші-профессоры Мархаббат Мешітбекұлы Нұров 2025 жылы SCOPUS дерекқорындағы халықаралық жоғары рейтингі бар журналдарда алты ғылыми мақала жариялады. Осы ғылыми көрсеткішке сүйене отырып, Мархаббат Нұров университеттің ең өнімді ғалымы болып табылады.

 

Оның ғылыми мақалалары Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясы, Орталық Азиядағы халықаралық пен қауіпсіздік мәселелерін қозғады. Мақалалар Journal of Culture and Values ​​​​in Education, Frontiers in Political Science, Frontiers in Sociology және Journal of Social Studies Education Research сияқты жоғары рейтингі бар Q1 журналдарда жарияланды. «Тұран» университетінің бірінші проректоры Қуаныш Әмірқұлұлы Тазабеков ғалымның ғылыми жетістіктерін жоғары бағалап, оған зерттеулерінде табыс пен ілгерілеуді тіледі.

Online қабылдау