«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстар: себептері, жауапкершілігі және алдын алу шаралары» тақырыбында мазмұнды қонақ дәрісі өтті.
Іс-шара Алматы қаласы прокуратурасының және Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасының өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.Дәріс барысында студенттерге қылмыстық істер материалдары негізінде нақты кейстер, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратурасы әзірлеген «Zhastarmen» жобасының бейнематериалдары ұсынылды. Аталған жоба жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Практикалық мысалдар студенттерге қылмыстық мінез-құлықтың салдарын тереңірек түсінуге және ерте профилактиканың маңызын ұғынуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жасөспірімдер қылмысының негізгі себептері, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігінің ерекшеліктері, тәуекел топтарымен жұмыс және құқықбұзушылықтардың алдын алудың заманауи әдістері жан-жақты қарастырылды.
«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қылмыстық ортаның жағымсыз ықпалынан қорғауға бағытталған білім беру және профилактикалық бастамаларды одан әрі жүзеге асыратын болады.