Бүгін «Туран» Университеті қабырғасында KPMG компаниясының Career opportunities at KPMG тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті. Спикерлер – Danil Spirin (Head of Talent Acquisition) және Daiana Issabayeva (Employer Brand Specialist).
Кездесу барысында қатысушылар халықаралық компаниядағы мансаптық траекториялар қалай құрылады, бастапқы кезеңде қай рөлдер мен бағыттар сұранысқа ие, сондай-ақ іріктеуден сәтті өту ықтималдығын арттыратын қандай құзыреттер маңызды екенін талқылады. Сонымен қатар тәжірибелік қадамдарға ерекше назар аударылды – жобалар мен тағылымдамалар тәжірибесін қалай дұрыс көрсету, сұхбаттан қалай өту және кәсіби профильді қалай қалыптастыру.
Дәріс интерактивті форматта өтті: қатысушылар үміткерлерге қойылатын талаптар, тағылымдамалар мен старттық позициялардың мүмкіндіктері, рекрутингтің мерзімі мен кезеңдері, сондай-ақ кәсіби дамуды стратегиялық жоспарлау, алғашқы қадамдардан бастап саналы мансаптық басқаруға дейін туралы сұрақтар қойылды.
Кездесудің негізгі тақырыптары: