2026 жылдың 13 ақпанында Халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Уәлитханұлы Тұқымовпен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Еркін Уәлитханұлы Ауғанстандағы Қазақстанның өкілі ретінде маңызды рөл атқарады. Ол Ауғанстандағы қазіргі жағдайды талқылап, сол елдің үкіметіне қатысты Қазақстанның ұстанымын түсіндірді. Қазақстанның ресми ұстанымына сәйкес, Ауғанстанмен қарым-қатынас прагматизмге, ішкі істерге араласпауға және экономикалық өзара іс-қимыл мен гуманитарлық көмек арқылы тұрақтылықты нығайтуға негізделген.