Әр сәрсенбі – қазақ тілі мен мәдениеті күні!

«Тұран» университетінде әр сәрсенбі күні қазақ тілі мен мәдениеті күні болып бекітілді. Бұл бастама – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, ана тіліміздің мәртебесін арттыру және жастардың бойына рухани байлықты сіңіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

25 ақпан күні осы игі бастама аясында «Тұран» университетінің студенттері мен қызметкерлері ұлттық киім киіп, ұлттық нақыштағы сән үлгісін насихаттауға атсалысты.

 

Сонымен қатар, 3-қабатта әр үзіліс сайын «Қазақшаңыз қалай?» атты викториналық сауалнама ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақ тілі мен мәдениетіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынап, белсенділік танытты. Іс-шара көпшіліктің қызығушылығын оятып, тілге деген құрметті арттыра түсті.

 

Ендеше, әр сәрсенбі өтетін қазақ тілі мен мәдениеті күнін бірге қолдап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға атсалысайық! Ана тіліміз бен мәдениетімізді дәріптеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Online қабылдау