Шетелдік тыңдаушыларға арналған мәдени іс-шара: Наурыз мейрамын тойлау

2026 жылғы 20 наурызда ЦДП «Foundation» бағдарламасының А1 және А2 топтарының шетелдік тыңдаушыларына оқытушы Жаппар Карлыгаш Зейнеловна Наурыз мейрамын тойлауға арналған іс-шара өткізді.

 

Іс-шараға Замбия, Вьетнам, Оман, АҚШ және Франциядан келген шетелдік тыңдаушылар қатысты. Кездесу барысында тыңдаушылар мерекенің тарихы мен маңызымен танысып, оның дәстүрлері мен жаңару символикасы туралы білді. Оқытушы Наурыздың Қазақстанда қалай тойланатынын, қандай салт-дәстүрлермен байланысты екенін және оның маңызын түсіндірді.

 

Іс-шараның ерекше атмосферасын оқытушының өзі дайындап, жайған ұлттық тағамдарға толы дастархан қалыптастырды. Тыңдаушылар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрлерімен жақынырақ танысты.

 

Іс-шара қызықты әрі әсерлі өтті: тыңдаушылар Наурыз туралы бейнеролик көріп, өз ана тілдеріндегі мәтіндермен жұмыс жасап, оларды орыс тіліне аудару арқылы білімдерін бекітті, сондай-ақ қазақтың ұлттық әндерін тыңдады.

 

Мереке қатысушыларға жылы әрі жарқын әсер қалдырып, Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Online қабылдау